Бүгін, 2024 жылдың 5 сәуірінде Астана қаласының М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы Жаманова А.И. «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өткізді.
АИТВ орталығының маманы АИТВ инфекциясының астанадағы эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және профилактикалық шаралары туралы айтты. Қатысушылар ойын түрде АИТВ-ның берілу факторларын және есірткі қабылдаудың салдарын талқылады.
Семинарға қатысқан барлық оқушыларға ақпараттық-танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.