Астана қаласының әкімдігінде2024 жылғы 16 сәуірде Астана қаласындағы Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 2024-2025 жылдарға арналған отырысы өтті.
Отырыс жұмысына келесі мәселелер қаралды:
- Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмыс жоспарына сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» іс-шарасының тармақтарын орындау туралы есеп. (Баяндамашы: мемлекеттік органдар).
- Халықаралық есірткімен күрес күніне арналған айлық аясында іс-шараларды орындау бойынша жоспар-тапсырма талқыланды. (Баяндамашы: Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы - Рустам Ахмеджанович Гасизов).
Талқылау барысында Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.Аскаров инъекциялық есірткіні қолданушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жүйелі негізде жүргізіледі, олардың АИТВ-ға тестілеуден өту, емделу және алдын алу қызметтеріне қолжеткізуі қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бастап инъекциялық есірткіні қолданатын 956 адам алдын алу қызметтерін алды, 827 адам АИТВ-ға тексеруден өтті.