2024 жылғы 10 қазанда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Sana Vita Clinic» ЖШС емханасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша емхананың дәрігерлеріне, медбикелеріне семинар өткізді.  Семинарға қатысушыларға 2024 жылдың 9 айы бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы ұсынылды.WhatsApp Image 2024 10 11 at 15.40.47

Медицина жұмыскерлеріне құпия медициналық тексеру, АИТВ-инфекциясының алдын алу, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштерді тексеру, дұрыс кодтау және т. б. бойынша «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексіне, «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020, «АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-204/2020, «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» (кодтау) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020, «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес ақпарат берілді.
Сонымен қатар медицина жұмыскерлері жанасудан кейінгі профилактика негіздеріне, оның ішінде «АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2015 жылғы 22 шілдедегі №39 ЖИТС РО бұйрығымен және АИТВ-инфекциясын диагностикалау және емдеу жөніндегі №180 ҰҒДСДО-ның клиникалық хаттамасымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар бойынша авариялық жағдайлар кезіндегі медицина жұмыскерінің әрекеті үйретілді. Медицина жұмыскерлері АИТВ-инфекциясы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттармен танысты.
Семинар соңында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.