«Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ» жобасы шегінде «Шеврон" ның қолдауымен Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы (КМПа) Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне форум ұйымдастырды.
Іс-шараны «Шеврон» компаниясының қолдауымен АИТВ бойынша КМПА жобаларын ұсынған Астана қаласындағы КМПА жобаларының үйлестірушісі, Шеврон Мұнайгаз Инк компаниясының қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Ж.Қошпанова, ЮНФПА ұлттық жаттықтырушысы, АИТВ бойынша жобаның консультанты М. Сауранбаева, Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ж. Бекетова мен «Жизнь вопреки» ҚҚ әлеуметтік жұмыскері Д. Чоманова ашты.
Іс-шараның мақсаты кешенді жыныстық білім беру шеңберінде Астана жастарының репродуктивті денсаулық, АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру. Қазіргі уақытта АИТВ-ға қарсы іс-қимылдағы жетістіктер адам құқықтарын қорғаудағы ілгерілеумен тығыз байланысты. Форумға қатысушылар ЮНЭЙДС-тің 1 желтоқсанға арналған Бүкіләлемдік науқанының ұраны – «Дұрыс жолды -адам құқықтарының жолын таңда!» бұрынғыдан да өзекті екендігін айтты.
Олар халықтың негізгі топтарына АИТВ-ға тест тапсыру мүмкіндігі ұсынылған өзін-өзі АИТВ-ға тестілеудің онлайн-сервисі (www.hivtest.kz), АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету үшін қажетті шаралар, эпидемиологиялық жағдай мен АИТВ3ның алдын алу, АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсету жөніндегі жұмыс туралы ақпарат пен «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ» жобасын іске асыру кезінде дайындалған бейне роликтерді ұсынды.
Ж.М Бекетова жыл сайын қала халқының 25%-дан астамы АИТВ-ға тексерілетінін айтты. Инфекцияны жұқтырудың негізгі жолы – жыныстық қатынас. Ол 20 мен 39 жас аралығындағы жастарда жиі кездесіп, жалпы жұқтырудың 62,4%-ын құрайды. Сондықтан студент жастарға АИТВ туралы хабардар болуды, жұқтыру жолдары мен алдын алу шараларын білуді және оларды ұстануды ұсынды.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға сарапшы – дәрігер-гинекологтардың, эпидемиологтардың, КМПА, ҮЕҰ өкілдері толық жауап қайтарды. Студенттер КМПА-ның жас көшбасшылары Евгений Власов пен Сара Канафина дайындаған АИТВ-инфекциясының алдын алу және жұқтыру жолдары туралы викторинаға қатысты.