2024 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Шаг будущее», «Жизнь вопреки», «Human Health Institute» үкіметтік емес ұйымдардың, «Астана» медицина университеті, ЖОО, колледж студенттері, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен акциясын өткізді.
Ауқымды акция елордада 1 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткен айлықты қорытындылау ретінде өті. Айлық аясында АИТВ-инфекциясы туралы халықтың, АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы жастардың хабардарлығын арттыруға бағытталған түрлі акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылды.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Аскаров өз сөзінде «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған түрлі түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шаралары жүргізілді. Оларға мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, кәсіпкерлер, студенттер мен белсенділер арасынан еріктілер қатысты. Айлық аясында қоғамдық орындарда спартакиадалар, оқушылар арасында конкурстар, конференциялар, әңгімелесу, дөңгелек үстелдер, акциялар өткізілді. Аталған іс-шаралар Орталық үшін алға басқан «бір қадам» ретінде қабылданып, халықтың арасында инфекцияның таралу проблемасы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді»,- деді.
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясы мен оның алдын алу тақырыбын халық арасында таратуға көмектескен бұқаралық ақпарат құралдары «Еуразия» бірінші арнасы, «Шалқар» радиосы және медиа – желілік басылым бар Elordainfo.kz марапатталды. Сонымен қатар оқушылар мен колледж студенттері арасында ұлттық спорт түрлері мен волейболдан жарыстарының, «АИТВ туралы не білемін?» шығармашылық конкурстың, «Астана» медицина университетінің студенттері арасында өткен пікірталастың жеңімпаздары жүлделі орындарға ие болды.
Акция барысында сауда орталығына келушілерге АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтумен қатар қысқа уақыт ішінде өзінің АИТВ статусын білуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы бойынша кеңес алу мүмкіндігі ұсынылып, брошюралар таратылды. Акцияны ұйымдастырушылар АИТВ-ға тестілеуден өту инфекцияны уақтылы диагностикалап, дер кезінде емдеуді бастаудың маңызды екенін түсіндіре отыры СОО келушілерді жедел тестілеуден өтуге шақырды.
Акция барысында өткізілген сұрақ-жауап викторинасы жастардың АИТВ мәселелері бойынша ақпаратты қаншалықты білетіндіктерін көрсетті, сұрақтарға дұрыс жауап бергендер жүлделерді (рюкзактар, құлаққаптар, доптар, теннис ракеткалары, термостар және т.б.) сыйлықтарға ие болды.
Акция АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жастардың назарын аударуға және ақпараттандыруға, АИТВ-ға тестілеуден өтуге ынталандыруға, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.
Акцияны ұйымдастырушылар «Ақниет» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы, Астана қаласы Білім басқармасы, «Астана» медициналық университеті, «Шаг будущее», «Жизнь вопреки», «Human Health Institute» қоғамдық ұйымдары, «Алтын ине» медициналық орталығының, сондай-ақ «Хан Шатыр» сауда орталығының әкімшілігі мен персоналына іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені және көмектескені үшін алғыс білдіреді.