03.04.2025 жылы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Б.Р. Жакупова «Интертич Астана медициналық Ассистанс» ЖШС медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Семинарда Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, 2023-2024 жж. және 2025 жылғы 1 тоқсандағы АИТВ-инфекциясын тіркеудің салыстырмалы деректері ұсынылды.
Оқыту семинарында ҚР ДСМ 27.11.2020 ж. № 211/2020 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясының алдын алу, Халықты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ медициналық ұйымдардағы кәсіби сипаттағы авариялық жағдайлар бойынша мәселе қаралды, бұл іс-қимыл алгоритмі, АИТВ-ның жанасудан кейінгі профилактикасын тағайындау .Б. Р. Жакупова АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу бойынша халықтың сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру қажеттігіне назар аударды.