Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 51

                 2025 жылғы 13 тамызда АИТВ орталығының қызметкерлері үшін «АИТВ-ға байланыстан кейінгі профилактика» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға ұйымдастыру-әдістемелік, профилактикалық, эпидемиологиялық бөлімдер, емдеу-алдын алу бөлімі, достық кабинеті мен диагностикалық зертхананың медицина қызметкерлері қатысты.

WhatsApp Image 2025 08 14 at 11.50.17

Семинардың мақсаты: медициналық ұйымдарда қан арқылы жұғатын инфекциялардың төтенше жағдайларындағы қауіпсіздік шаралары бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.

 Эпидемиология бөлімнің дәрігер эпидемиологы З.Б. Рахимбаева «В», «С» гепатиті және АИТВ-инфекциясының қан арқылы жұқтыру қаупі мен алдын алу шаралары мен туралы түсіндіріп берді. АИТВ инфекциясы бойынша төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі мен құжаттаманы енгізу мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2025 08 14 at 11.50.17 1