Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің № 68665 әскери бөлімінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті. Қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы, дәрігер-эпидемиолог Ж.К. Бекетова ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, қорғау шаралары және АИТВ-ның берілу жолдары туралы айтып берді.

WhatsApp Image 2025 09 09 at 10.56.21 min

       АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар әр адамға төзімділік пен құрмет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға 450 әскери қызметші қатысты.

    Жанна Бекетованың айтуынша, бұл іс-шара АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру және бірлескен жұмыс жоспарын іске асыру аясында өтуде. Айта кету керек, жыл басынан бері Астанада халықтың әртүрлі санаттарымен кездесу форматында ақпараттық-түсіндіру түрде 360-тан астам іс-шара өткізілді.

WhatsApp Image 2025 09 09 at 10.56.10 min