Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 32

    2025 жылғы 10 қыркүйек Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.И. Жаманова ҚАЖД № 64 мекеменің жеке құрамы мен арнайы контингент үшін «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» семинарын өткізді. Дәрігер АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғау шаралары, елордадағы эпидемиологиялық жағдайымен, сондай-ақ қатысушыларды АИТВ-инфекциясына тексерілу ережелерімен таныстырып, уақытылы емдеудің, тестілеудің маңыздылығын атап өтті. 

WhatsApp Image 2025 09 10 at 10.03.10

      Семинарға қатысушылар АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін төмендетуге және денсаулығын сақтауға көмектесетін қажетті білім алды. Дәріскер А. Жамановамен тыңдаушылардың барлық сұрақтарына толық жауап беріліп,  соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.