Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 138

     2025 жылғы 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Астана қаласы Полиция департаментінің «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері арасында алдын алу акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – ақпараттандыруды арттыру және АИТВ инфекциясын ерте анықтау.

photo 5289867977765359366 w

   Акция барысында мамандар АИТВ-ға жедел экспресс-тест өткізіп, кеңес берді және ақпараттық материалдар таратты. Қалаған қызметкерлер құпия түрде әрі тегін АИТВ-ға тест тапсырып, АИТВ-ның алдын алу, емделу және қауіптерді төмендету бойынша өз сұрақтарына жауап алды.

    Іс-шара қызметкерлердің ақпараттану деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара аясында 90 адам қамтылды, 35 адам тестілеуден өтті.

 photo 5289867977765359367 w