Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция Астанада Esil University студенттері үшін 2025 жылғы 8 желтоқсанда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен өтті. Іс-шара Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығының вице-президенті М.Сауранбаеваның және «Шеврон» компаниясының үйлестіруші М. Кенжебаеваның қатысуымен ұйымдастырылды
АИТВ инфекциясы орталығы атынан дәрігер-эпидемиолог А.Идрисова қатысып, вирус туралы, АИТВ берілу жолдары және қорғау шаралары туралы айтып берді. Ол алдын алудың заманауи әдістерінің, тұрақты тестілеудің және денсаулыққа жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Студенттер АИТВ инфекциясының алдын алу және берілу жолдары туралы викторинаға белсенді қатысты. Барлық қалағандар жедел тестілеуден өте алды, оның нәтижелері небәрі 20 минуттан кейін белгілі болды. Іс-шара барысында қатысушылар денсаулықты сақтау үшін инфекцияны уақтылы анықтаудың маңыздылығын түсіндірген мамандарға сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы жоюға ерекше назар аударылды. Сарапшылар заманауи терапия әдістері адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретінін және анықталмайтын вирустық жүктеме кезінде вирус жыныстық жолмен берілмейтінін атап өтті. Бұл ақпарат қызығушылық тудырды және қатысушылар арасында талқылауға негіз болды.
Іс-шараға 250 студент қатысты, олардың 20-дан астамы АИТВ-ға тестілеуден өтті. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар туралы фильм де көрсетілді. Фильмді талқылау стигма, кемсітушілік және адамдар арасындағы толерантты қарым-қатынас қажеттілігі туралы белсенді пікірталас тудырды, соңында ақпараттық буклеттер таратылды.



