8fbfe04e 1dd2 43ba bf39 79e1e8a20a76

2019 жылғы 14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС-пен күрес жөніндегі Элтон Джон қайырымдылық қорының (Ұлыбритания) бағдарламалық менеджерлері Фридрих Конрад және Джейкоб Рашбас сапармен келді.

Кездесу барысында тараптар халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асырудағы өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Элтон Джон қорының өкілдері AmanBol жобасы туралы, АИТВ-инфекциясына өзін-өзі тексерудің рөлі туралы айтты, сондай-ақ кездесуге қатысушылар одан әрі тестілеу мен емдеу үшін, медициналық орталықтарға өзін-өзі тексеруден өткен адамдарды алып жүру тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.