Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Л. С. Нұғманова ЖИТС қызметінің басқа мамандарымен бірге2019 жылдың 11-13 қыркүйегіндеМәскеу қаласында өткен зертханалық медицинаның V-мерейтойлық ресейлік конгресіне қатысты.
Конгресс аясында диагностикалық технологиялардың соңғы жетістіктері, автоматтандыру, клинико-диагностикалық зертханаларды цифрландырудың технологиялық процестері ұсынылды. Қазақстандық делегация АИТВ-инфекциясын диагностикалау мәселелері бойынша отырысқа қатысып, «Зертханалық қала» көрмесіне барды.