Конкурсты ұйымдастырушылардың ойынша, жалпы қалалық іс-шараның мақсаты жоғары сынып оқушыларының назарын АИТВ-инфекциясының алдын алуға тарту және олардың хабардар болуын арттыру, жұқтырудан қорғау шараларын енгізу.    

Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ұ.Р. Сәулебаев: «Оқушылар шығармаға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр, кейбір жұмыстарда АИТВ-ның таралуы мен алдын алу мәселелері өте жақсы ашылып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары тақырыбында жиі пікірлер айтылғаны қуантады. Жалпы оқушылар мен студенттер арасындағы жұмысымыз екі жаққа да тиімді өтті деп айтуға болады»- деді.

Педагогтар мен дәрігерлердің пікірінше, байқаудың басты міндеті тек үздік шығармаларды таңдап қана қоймай, бірінші кезекте жоғары сынып оқушыларының назарын АИТВ жұқтыру жолдары мен алдын алу шараларына аудару болды. № 103 орта мектептің мұғалімі С. Б. Қалқаманова эссе байқауы аяқталғаннан кейін де оқушылардың тақырыпқа қызығушылық танытып, сыныпта халықты хабардар етудің тиімді әдістері, сондай-ақ денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңыздылығы сияқты мәселелерді талқылағанын айтты.      

Байқау қорытындысы бойынша Ж. Нұртайқызы (№70 лицей), Қ. Қанатбек (№51 мектеп), Е. Д. Ким (№ 11 мектеп), Д. Даутали (№ 103 мектеп), А.А. Ли (№ 47 мектеп) жәнеЕ.Сайрамбай (№ 81 гимназия) үздік шығармалардың авторлары атынды. 

Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен олардың мұғалімдеріне қызығушылық пен белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.2

3