2024 жылғы 11 және 12 қарашада ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Дұрыс жолды таңда — адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Green Clinic» және «Biolab Pfarm Premier Med Clinic» мекемелерінде медицина қызметкерлері мен емдеушілермен арналған семинарлар өткізді.

WhatsApp Image 2024 11 18 at 14.35.12

           Іс-шараның мақсаты — халықтың АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру. Қатысушылармен АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері: таралу жолдары, алдын алу және емдеу мүмкіндіктер туралы талқыланды.

Медицина қызметкерлеріне Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылып, науқастарды тестілеу және кеңес беру тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Қосымша мамандарға қазіргі нормативтік-құқықтық құжаттар таныстырылды.