21 қараша күні АИВТ орталығының дәрігерлері Астана қаласының халықаралық әуежайында «Дұрыс жолды – адам құқықтары жолын таңда» ұранымен Дүниежүзілік науқан аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпарат таратып, жедел тестілеуден өту акциясын өткізді. Акция барысында 80 жуық адам өзінің АИТВ статусын білу мүмкіндігіне ие болды.
Дәрігерлер АИТВ-дан қорғану жолдары, тұрақты түрде тексеруден өтудің маңыздығы туралы айтып, ақпараттық буклеттерді тарата отырып, қойылған сұрақтарға, оның ішінде жанасуға дейінгі профилактикаға байланысты бес аңызға жауап берді.
Ниет білдірушілер тестілеуге дейінгі және одан кейінгі консультацияны алып, 20 минут ішінде нәтижесі дайын болатын жедел тестілеуден өтті.
#СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #Астана АИТВ орталығы