АИТВ туралы білім деңгейін арттыру мақсатында, қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының дәрігер-эпидемиологы Ж. К. Бекетова Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкерлері мен курсанттарына және №№ 43 988, 19132, 29990 әскери бөлімдеріне оқыту дәрісін өткізді.
Іс-шара барысында аудиторияға АИТВ-инфекция туралы, вирустың берілу тәсілдері, алдын алу шаралары, лауазымдық міндеттерін атқару кезіндегі ықтимал авариялық жағдайлар және олар туындаған кезде тиісті іс-әрекеттер туралы айтылды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік қажет екендігі атап өтілді.
Соңында АИТВ жұқтыру мүмкіндігін арттыратын тәуекел факторлары мен мінез-құлық үлгілері, сондай-ақ АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы және АИТВ-статусын білу сұрақтары қарастырылды, қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.