2025 жылғы 9–10 қазан күндері Шейх Халифа бен Заид әл-Нахайян атындағы №84 мектепте және №96 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәрістер өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу. Дәріс барысында жастар арасында репродуктивті жүйе ауруларының, АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін аурулардың (ЖЖБА) алдын алу мәселелері талқыланды. Эпидемиолог дәрігер Г.Е. Қаратаева АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қауіпсіз өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шаралармен барлығы 200 оқушы қамтылды.










