Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

            Конференцияда АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының, Қалалық психикалық денсаулық сақтау орталығының мамандары спикерлер ретінде сөз сөйлеп, университеттің резиденттері мен студенттерінің баяндамалары тыңдалды. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Б.К. Құлтанова АИТВ инфекциясының таралуы адамзаттың басты проблемаларының бірі екендігін айтып, жалпы Республика мен Астана қаласы бойынша 2023 жылғы 9 айдағы АИТВ инфекциясының таралуын, тіркелген деректерді жасы, таралу жолдары, әлеуметтік статусы бойынша бөлудің салыстырмалы деректері ұсынылған эпидемиологиялық жағдайды ұсынды. А.Ш. Сергалиева АИТВ инфекциясының әртүрлі клиникалық белгілері бар пациенттердің суреттерін көрсете отырып, қазіргі таңда ересек адамдар мен жасөспірімдер арасындағы АИТВ-ның жіктелуі бойынша презентациямен таныстырды. Сондай-ақ жанасуға дейінгі профилактиканың мәселелері қаралып, Психиатрия және наркология кафедрасының маманы, м.ғ.к. Т.Т. Қойшибек есірткінің зияны туралы ақпараттық роликті көрсетті.

ЖОО-ның резиденттері мен студенттері берілген тақырыптар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндамаларды дайындап, қала тұрғындарының АИТВ инфекциясының таралу жолдарын білу деңгейіне сауалнама жүргізді. Конференцияның соңында сыйлықтар мен сертификаттар табысталған викторина өткізілді. Іс-шараға болашақ 67 медицина жұмыскері қатысты.

WhatsApp Image 2024 11 27 at 15.31.52

 

WhatsApp Image 2024 11 27 at 15.31.52 2

WhatsApp Image 2024 11 27 at 15.31.52 1

WhatsApp Image 2024 11 27 at 15.31.51 1

WhatsApp Image 2024 11 27 at 15.31.51 2