Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

       Кездесуді директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Ахметқалиев ашты. Кездесу барысында № 3 қалалық емхананың ПӘПКБ меңгерушісі Д. Түсіпбекова, «Жизнь вопреки» ҚҚ басшысы А. Мұқышева, «Үміт» дағдарыс орталығының психологы А. Асылбекова, № 3 қалалық емхананың СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов студенттермен репродуктивті денсаулықты сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу, мінез-құлық қауіп факторының алдын алу, стигматизацияны төмендету шараларын, АИТВ-мен ауыратын адамдарды кемсітуге жол бермеу, психологиялық зорлық-зомбылық мәселелері және оны жеңу тәсілдерін талқылады. Полиция аға лейтенанты, әйелдер құқығын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор Әсемгүл Серік жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық және құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат берді.

           АИТВ-инфекциясы орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Идрисова өз сөзінде жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Жастар АИТВ індетіне қарсы іс-қимылда шешуші түйіні болғандықтан, жастарға қажетті қолдау көрсете отырып, біз оларға вирустан өз бетінше қорғануға және АИТВ-ның алдын алудың негізгі шараларын білуге, қолдануға мүмкіндік береміз.

       «Жизнь вопреки» ҚҚ басшысы А. Мұқышева кездесу «Живая библиотека» дәстүрлі ақпарат тасымалдаушылардың рөлін адамдар тікелей орындайтын алалаушылық пен стереотиптермен күресудің жаңа тәсілінде өткені туралы ой бөлісті. Өмір мен практикадағы жағдайлар туралы айта отырып, біз стигманы төмендетуге, жастардың хабардарлығын арттыруға ықпал етеміз, бұл бірінші кезекте ақпарат алу, объективті пікірді қалыптастыру мүмкіндігі, менің ойымша, біз студенттермен тиімді диалог құра алдық», - деп қорытындылады.

WhatsApp Image 2024 12 04 at 16.56.39