Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К. Аскаровтың айтуынша, бұл акция соңғы іс-шаралардың бірі және биылғы жылы мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың, білім беру ұйымдарының, бизнес-құрылымдардың және басқа да объектілердің тығыз өзара іс-қимылымен өтіп отыр. Елорданың басты көрікті жері «Бәйтерек» және «Хан-Шатыр» ғимаратының қызыл түспен жарықтандыру тұрғындардың хабардарлығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар АИТВ-ның таралуын азайту жөніндегі мақсаттар мен міндеттерді ұстануға бағытталған маңызы зор іс-шара болып табылады, деп атап өтті Канат Аскаров.

        Айта кету керек, науқан кезінде Астана қаласында АИТВ-ның алдын алу бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілді, ақпараттық іс-шаралармен 5000-нан астам жоғары сынып оқушылары мен студенттер қамтылды, медициналық ұйымдарда қосымша 17 семинар, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің ведомстволарында 1290 қызметшіні қамтитын 18 семинар-дәріс өткізілді, халықаралық әуежай терминалында, вокзал ғимараттарында, СОО-да және басқа жерлерде тұрғындар үшін экспресс-тестілеумен акциялар өткізілді. Бұл күндері 600-ге жуық адам АИТВ-ға жедел тестілеу қызметін алды. «Аружан», «Азия Парк», «Еуразия» СОО кинотеатрларында фильмдер сеансы алдында «АИТВ-статусыңды біл», «АИТВ-ға жедел тестілеу» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілуде, АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарының 10 000-нан астам данасы таратылды.

 WhatsApp Image 2024 12 04 at 17.16.55WhatsApp Image 2024 12 04 at 17.11.29 WhatsApp Image 2024 12 04 at 17.16.44