Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

         Бұл бастамаларды іске асыру қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу саласындағы жаңа міндеттер аясында жүзеге асырылуда. АИТВ инфекциясының індетіне қарсы іс-қимыл жүргізу мақсатында Астана қаласында халықаралық және ұлттық ұсынымдар белсенді түрде енгізілуде. 2024 жылдың басынан бастап профилактикалық қызметтерді халықтың негізгі топтарынан 6000-нан астам адам алды және 1000-нан астам клиент байланысқа дейінгі профилактика бағдарламасын пайдаланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту 6%-ға өсіп, 25%-ға жетті. Маңызды жетістіктердің бірі мемлекеттік бюджеттен толығымен қаржыландырылатын - антиретровирустық терапия. Терапияның арқасында антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші 90% құрайды.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін медициналық ұйымдардың ресурстары мен жарақтандырылуы маңызды мәнге ие. Осыған байланысты АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталықтың материалдық базасын нығайтуға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылы медициналық және кеңсе жиһаздарын, автокөліктерді сатып алуға қаржы бөлініп, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын сатып алды.

Материалдық-техникалық жарақтандыруды, кадрлар даярлауды, цифрландыруды, профилактикалық бағдарламаларды енгізуді қамтитын халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы кешенді тәсіл ұлт денсаулығын нығайту және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

 

Канат Аскаров - Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры

 

00016176