Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

   Іс-шара барысында АИТВ орталығының маманы АИТВ-инфекциясы туралы негізгі мәліметтерді ұсынды, сондай-ақ жастардың назарын АИТВ-ның алдын алудағы ең бастысы - білім мен жауапкершілік екенін атап өтті. Кездесуде АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілігінің алдын алу, мінез-құлық және жыныстық қатынас жөнінде тәрбие мәселелері талқыланды. Дәріскер АИТВ-ның берілу жолдарына, АИТВ-ның және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шараларына егжей-тегжейлі тоқталды.

 Өз кезегінде студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Соңында тыңдаушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

  Дәріске 85 студент қатысты.