Семинарда ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай ұсынылды. ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 ж. № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы кезінде мүмкін болатын аурулар мен белгілер, анықталған жағдайда халықты клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тексеруге ерекше назар аударылды. Аппатық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, АИТВ-ның постконтакті профилактикасын тағайындау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелерін де қарастырды.
Семинар барысында спикер қатысушылардың назарын АИТВ-инфекциясын диагностикалау, тестілеу түрлері, оның ішінде экспресс тест өткізуге аударды.
Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ медициналық көмек алу кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу болып табылады.