Семинарда Қазақстан Республикасында және Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, сондай-ақ 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Астана қаласындағы донорлар мен реципиенттер арасындағы эпидемиологиялық жағдай ұсынылды.Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы болуы мүмкін белгілер мен ауруларды анықтау кезінде клиникалық көрсеткіштер бойынша халықты АИТВ-инфекциясына және донорлар мен реципиенттерді тексеру мәселелері талқыланды. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және диагностикалау мәселелері қозғалды.
АИТВ орталығының мамандары қатысушылардың назарын тұрғындар арасында жалпы АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттандыруды арттыру қажеттілігіне аударды.Медициналық көмекке жүгіну кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы да атап өтті.