2025 жылғы 17 желтоқсанда Астана қаласының № 73 мектеп-лицейінің базасында жоғары сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараны қалалық АИТВинфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырды.
Орталық мамандары оқушыларға АИТВ жұғу жолдары, қорғау әдістері, тұрақты тестілеудің маңыздылығы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік, сондай-ақ АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтары және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып берді.
Кездесу форматы интерактивті түрде жүргізілді: оқушылар белсенді сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, ақпараттық жадынамалар алды.

