Дүниежүзілік науқанның мақсаты - АИТВ-инфекциясы туралы жаһандық хабардарлықты арттыру, АИТВ-мен (АИТВ) өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету және аурудың таралуына қарсы күресте күш біріктіру.

     Өз сөзінде Б.К. Құлтанова АИТВ-инфекциясының таралуы қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселеренің бірі болып қала беретінін атап өтті. Осыған байланысты бір ай ішінде медицина қызметкерлерінің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдардың қатысуымен АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу бойынша ақпараттандыруды арттыру бойынша түрлі іс-шаралар өтетін болады. Адамдар көп жиналатын орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, ТЖ вокзалдарында, әуежайда, сондай-ақ басқа өңірлерден келген қала қонақтары үшін АИТВ-инфекциясының мәселелері жөніндегі мамандары міндетті түрде тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация бере отырып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізілетін акциялар өтетін болады. Сонымен қатар халықтың барлық топтарының АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар қабылдануда.

Медицина жұмыскерлеріне ҚР бойынша және Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, сырқаттанушылық құрылымы ұсынылып, АИТВ-инфекциясы кезінде мүмкін болатын аурулардың белгілері анықталған кезде клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері талқыланды. Практикада орын алатын медицина жұмыскерлері арасында кәсіби сипаттағы апаттық жағдайлардың ықтимал үлгілеріне, іс-қимыл алгоритміне, тағайындауға көрсеткіштерге және экспозициядан кейінгі профилактикаға арналған препараттарға талдау жүргізілді. Сондай-ақ қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері бойынша НҚА-ның талаптарымен танысты.

А.Ш. Серғалиева медицина жұмыскерлерінің назарына ҚР-дағы ересектер мен балалардағы АИТВ-инфекциясының клиникалық жіктелуі, АИТВ-инфекциясы бар пациенттерді диспансерлік бақылау қағидаттары, иммундық тапшылықтың жағдайы мен ауырлығын қоса алғанда, клиникалық ағымы туралы ақпаратты ұсынды. Алия Серғалиева АИТВ инфекциясының әртүрлі клиникалық көріністері бар фотосуреттерді көрсете отырып, тәжірибеден алынған клиникалық жағдайларға тоқталып өтті.  Мамандардың пікірінше, ақпарат берудің осындай нысаны пациенттер арасында АИТВ-инфекциясын тексеру және анықтау бойынша жұмыстың сапасын, сондай-ақ медицина жұмыскерлерінің қырағылығын арттыруға және АИТВ-ны кеш анықтауды болдырмауға ықпал етеді. Семинар барысында АИТВ-ға жедел тест қою және тест нәтижелерін бағалау бойынша практикалық сабақ өткізілді.

Іс-шараға 145 медицина жұмыскері қатысты. Семинар-кеңестің соңында қатысушылар тараптардың өзара іс-қимылын жақсарту және емдеу-алдын алу шараларының сапасын жетілдіру бойынша пікір алмасты.WhatsApp Image 2024 11 15 at 17.03.13

WhatsApp Image 2024 11 15 at 16.55.17