Іс-шараның мақсаты — халықтың АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру. Қатысушылармен АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері: таралу жолдары, алдын алу және емдеу мүмкіндіктер туралы талқыланды.
Медицина қызметкерлеріне Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылып, науқастарды тестілеу және кеңес беру тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Қосымша мамандарға қазіргі нормативтік-құқықтық құжаттар таныстырылды.