Дәріс барысында оқушыларға АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары және салауатты өмір салтының денсаулықты сақтау үшін маңыздылығы туралы айтылды. Кездесудің едәуір бөлігі ақысыз, құпия және қажет болған жағдайда жасырын түрде өтетінАИТВ-ға тестілеу мәселелеріне арналды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау мен кемсітуге жол бермеу және жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы тақырыптары да қозғалды.









