« № 2 қалалық емхана» медицина қызметкерлеріне семинар
24.09.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р., «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді. Семинарда Қазақстан Республикасындағы және Астана қаласындағы 2025 жылдың 8 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы таныстырылды.
Толығырақ« № 2 қалалық емхана» медицина қызметкерлеріне семинар
АИТВ инфекциясы туралы дәріс: мектеп оқушылары үшін маңызды ақпарат
Қалалық АИТВ-инфекцияның алдын алу орталығының профилактика бөлімінің эпидемиолог дәрігері А. Идрисова №47 және №91 мектеп-гимназияларының орта және жоғары сынып оқушыларына «АИТВ-инфекциясының алдын алу. Неліктен жасөспірімдермен сөйлесу маңызды?» тақырыбында дәрістер өткізді.
Подробнее: АИТВ инфекциясы туралы дәріс: мектеп оқушылары үшін маңызды ақпарат
ҚР ДСМ "РМСАКО " ЖШҚ РМК медицина қызметкерлеріне арналған семинар.
18.09.2025 жылы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Б.Р. Жакупова ҚР ДСМ "РМСАКО " ЖШҚ РМК медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
ТолығырақҚР ДСМ "РМСАКО " ЖШҚ РМК медицина қызметкерлеріне арналған семинар.
АИТВ туралы білім - ең жақсы қорғаныс
Астана қаласының № 7 және 18 мектеп-гимназиялардың 9-11 сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің мамандары өз сөзінде келесі тақырыптарға тоқталды: вирустың таралу жолдары, сақтық шаралары және ерте диагностиканың маңыздылығы туралы.
АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету және семинар өткізу туралы.
Астана қаласының №13 қалалық емханасында, 2025 жылы 17 қыркүйекте медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының алдын алу, нормативті құқықты актілері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетіліп, соңынан семинар өткізілді.