Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К. К. Асқаров «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні 1988 жылдан бастап жыл сайын 1 желтоқсанда атылып өтеді. ЖИТС орталығының мамандары Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, Білім басқармасымен, үкіметтік емес және т.б ұйымдармен бірлесіп түрлі ақпараттық іс-шаралар өткізеді. Мен барлық адамдарды АИТВ туралы хабардар болуға, сонымен қатар денсаулығын сақтап, инфекциядан қалай қорғану жолдарын білу үшін 5 минут уақыттарын бөлуге шақырамын. Бүгінгі іс-шараны қолдап, демеу көрсеткендерінің үшін алғыс білдірем. Осы шараға қатысушылар АИТВ туралы көбірек білетін болады деп үміттенемін» - деді.

Жүлделі орындар үшін 9 волейбол, 16 оқ ату, 10 найза лақтыру және 7 арқан тарту командалары бақ сынасты. Қатысушыларды «Ләңгі» ұлттық ойынында қарсыластарынан 300 ұпаймен озып кетіп өзінің шеберлігімен таң қалдырған Әли Каримов көзге түсті.

Жарыстың жеңімпаздарына арнайы кубоктар мен медальдар табысталды. Іс-шараға 200-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған айлық басталған күннен бастап Білім беру ұйымдарында4000-нан астам жоғары сынып оқушылары ақпараттық іс-шаралармен қамтылып, медициналық ұйымдарда қосымша 11 семинар, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі Істер Министрлігінің ведомстволарында 550 қызметкерді қамтитын 10 семинар-дәріс өткізілді. ЖИТС-пен күресу науқаны кезінде барлығы 400-ге жуық адам АИТВ-ға жедел тестілеуден өткенін айта кету қажет.

«Аружан», «Азия Парк», «Еуразия» СОО кинотеатрларында сеансы алдында «АИТВ-статусыңды біл», «АИТВ-ға жедел тестілеу» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарының 10 000-нан астам данасы таратылды.

WhatsApp Image 2024 11 21 at 08.43.37 3WhatsApp Image 2024 11 21 at 08.43.36 1

 WhatsApp Image 2024 11 21 at 08.43.36

WhatsApp Image 2024 11 21 at 08.43.37 1

WhatsApp Image 2024 11 21 at 08.43.37 2

WhatsApp Image 2024 11 21 at 08.43.38