Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Профилактика бөлімінің мамандары Білім басқармасымен, Жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептердің 10-11 № № 28, 64, 76, 77, 78, 92, 103, 101 мектептердің, Қадыр Мырза Ата атындағы «Бином» мектеп-лицейінің оқушыларымен дәрістер өткізді. Дәріске қатысқан 2100 оқушыға АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат берілді.
Орталық мамандары өз дәрістерінде АИТВ-инфекциясы көбінесе қауіпті мінез-құлық факторларына: есірткіге, қорғалмаған жыныстық қатынасқа және қауіпті мінез-құлыққа байланысты болғандықтан, АИТВ-инфекциясының алдын-алудың маңыздылығы туралы айтылды.
Жастардың денсаулығын сақтаудың басты қадамы - салауатты өмір салтын ұстану, физикалық белсенділік және саналы мінез-құлық.
Дәріс барысында: АИТВ және ЖИТС ұғымы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-инфекциясын диагностикалау және емдеу мәселелері қаралып, барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. #АстанаАИТВорталығы#АИТВтоқта