Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Биыл денсаулық сақтау саласына үш триллионнан астам теңге бөлінді, алайда мұндай инвестициялардың тиімділігі күмән тудыруда. Осыған байланысты Президент базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды, ал қосымша қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы төлеуді тапсырды. Мемлекет басшысы Жолдауда меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз ететін бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру қажеттігін атап өтті. Цифрландыру медициналық көмектің ашықтығы мен сапасын арттырудың орталық құралына айналуда. Бұл ресурстарды басқаруды оңтайландырып, Қазақстанның әрбір азаматы үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, шашыраңқы бағдарламаларды бірыңғай жүйемен ауыстыруға мүмкіндік береді.

         Бұл бастамаларды іске асыру қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу саласындағы жаңа міндеттер аясында жүзеге асырылуда. АИТВ инфекциясының індетіне қарсы іс-қимыл жүргізу мақсатында Астана қаласында халықаралық және ұлттық ұсынымдар белсенді түрде енгізілуде. 2024 жылдың басынан бастап профилактикалық қызметтерді халықтың негізгі топтарынан 6000-нан астам адам алды және 1000-нан астам клиент байланысқа дейінгі профилактика бағдарламасын пайдаланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту 6%-ға өсіп, 25%-ға жетті. Маңызды жетістіктердің бірі мемлекеттік бюджеттен толығымен қаржыландырылатын - антиретровирустық терапия. Терапияның арқасында антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші 90% құрайды.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін медициналық ұйымдардың ресурстары мен жарақтандырылуы маңызды мәнге ие. Осыған байланысты АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталықтың материалдық базасын нығайтуға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылы медициналық және кеңсе жиһаздарын, автокөліктерді сатып алуға қаржы бөлініп, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын сатып алды.

Материалдық-техникалық жарақтандыруды, кадрлар даярлауды, цифрландыруды, профилактикалық бағдарламаларды енгізуді қамтитын халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы кешенді тәсіл ұлт денсаулығын нығайту және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

 

Канат Аскаров - Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры

 

00016176