2025 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласында өткен Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (ҚМПА) Шеврон компаниясымен серіктестікте іске асырған «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ!» жұмысының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің өкілі, Астанадағы ҚМПА филиалының президенті Н.М. Петухова мен Орталықтың директоры К.К. Асқаров сөз сөйледі.WhatsApp Image 2025 01 27 at 16.20.52

             Үкіметтік емес ұйымдар - АИТВ-инфекциясын еңсеру бойынша мемлекеттің тұрақты әріптестері. Олар адамдарды оларға бағытталған денсаулық сақтау қызметтерімен байланыстырады, сенімділікті арттырады, инновацияларды енгізеді, саясатты жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді бақылайды. Мәселен, ҚМПА 2023 жылдан бастап «Шеврон» компаниясымен елорда халқының негізгі топтарының жастары арасында АИТВ-ға онлайн өзін-өзі тестілеуді (HIVST) енгізу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизацияны төмендету бойынша ынтымақтасады.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Б. К. Құлтанова Астана қаласында АИТВ-инфекциясының таралу жағдайға қысқаша шолу жасап, АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне жедел ден қою үшін ведомствоаралық ұйымдармен халық арасында, сондай-ақ халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының таралуын төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін жоспарлар мен міндеттер белгіленгенін атап өтті.

К.К. Аскаровтың айтуынша тестілеу және емдеу қызметтерінің қолжетімділігіне қарамастан, стигма медициналық көмекке жүгіну үшін маңызды кедергі болып қала береді. Ресми деректер бойынша Астанада АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87%-ы өздерінің статусы туралы біледі, бұл АИТВ-ға тестілеудің алдын алу және қол жетімділігі саласында одан әрі күш салу қажеттігін көрсетеді. Өз сөзінде К.К. Асқаров барлық мүдделі тараптардың АИТВ-мен және осы аурудың айналасындағы стигмамен күресте бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталып «Өзін-өзі тестілеу - АИТВ-ға тестілеудің қарапайым, жылдам, ыңғайлы, ең бастысы ақысыз және мүлдем құпия әдісі, сонымен қатар АИТВ-ның берілу қаупі бар және өздеріне ыңғайлы уақытта және жерде тесттілеуден өткісі келетін адамдарға көмектеседі, өзін-өзі тестілеу өздерінің АИТВ-статусын білетін адамдардың санын арттырып, нәтиже оң болған жағдайда уақтылы ем алуға көмектеседі», - деп атап өтті.

ҚМПА жобасы колледждер мен университеттер студенттеріне арналған білім беру бағдарламаларын, жастар денсаулық орталықтары мен емханаларының жұмыскерлеріне арналған тренингтерді қамтыды. Сондай-ақ халықтың негізгі топтарының жастары арасында АИТВ-ға онлайн өзін-өзі тестілеу жобасы жалғасын тапты. Астананың 1500-ден астам тұрғыны тестілеуден өтіп, өздерінің АИТВ-статусын білді.

WhatsApp Image 2025 01 27 at 16.20.43

WhatsApp Image 2025 01 27 at 16.43.57 1

WhatsApp Image 2025 01 27 at 16.43.57