Есіл» университетінде «Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.
Кездесудің басты қатысушылары, университет студенттері жастар үшін маңызды және қажетті: денсаулықты қорғау және нығайту, аурулардың алдын алу, синтетикалық есірткіні қолданудың салдары мәселелерін қызығушылықпен тыңдап, талқылауға қатысты.
Әрине, олар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпаратты айналып өтпеді. Ашық диалог форматы және аудиторияның қатысуы бізге АИТВ-ның негізгі аспектілерін студенттерге тиімді жеткізуге мүмкіндік берді.
Кездесу соңында қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу бөлімінің маманы А.А.Идрисова тындаушыларға алған білімдерін пайдалануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қауіпті жағдайлардан аулақ болуға және АИТВ-ға уақытылы тексеруден өтуге кеңес берді. Дәріс соныңда ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.