Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

  Кеңеске АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директор К.К.Аскаров, психотерапевт А.К.Ережеп, Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы аға жедел уәкіл А. Кибатқызы, Алматы ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Е. Н. Әубәкіров қатысты.

   Баяндамаларда жастар арасындағы АИТВ-инфекциясының, нашақорлықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайының динамикасы туралы мәселелер қаралды. АИТВ-инфекциясы орталығының директоры К.К. Аскаров өз сөзінде жастар арасындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде жастар арасындағы оқиғаларға тоқталды. Сонымен қатар дәрігерлердің, педагогтардың, психологтардың және ата-аналардың бірлескен күш-жігерімен тиімді әрекеттер мен нәтижелерге қол жеткізуге болатын АИТВ-ның алдын алу мәселелерінде кешенді тәсілдің маңызды рөлін атап өтті.

         Кеңестің мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында АИТВ-инфекциясы, нашақорлық және қылмыс туралы ақпараттылық деңгейін арттыру.

 WhatsApp Image 2024 11 04 at 15.32.21