Аталмыш шара 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде студенттердің мектептің жоғары сынып оқушылары арасында өткізген «Оқушыларды АИТВ-инфекциясының алдын бойынша ақпараттандыру» атты ғылыми жобасы ұсынылды. Екінші бөлімде студенттердің зиянды мінез-құлық факторларының алдын алу, АИТВ-инфекциясы жайлы мәліметтер беретін арнайы дайындалған видеоролик жұмыстары көрсетілді. Үшінші бөлімде студенттер салауатты өмір салтын ұстану, өмір құндылықтары жайлы өлеңдер, монолог оқып, арнайы сахналық көріністер жасады. АИТВ орталығының мамандары А. Сергалиева, А. Уразова АИТВ-инфекциясының таралуы, емі, алдын алу жолдары туралы доклад оқыды. Іс-шараға 260 адам қатысып, қатысушыларға ақпараттық-оқу құралдары таратылды.
Астана Медицина Университетінде Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өткізілді.
- Подробности
- Просмотров: 64