2024 жылдың қараша айында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» ұранымен Астана қаласы бойынша ҚАЖД № 3, 64 мекемесінде жеке құрам мен қоныс колонияларында сотталғандар арасында «пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
ТолығырақАстана қаласы № 3, 64 ҚАЖД мекемесінің арасында семинар өтті
21 қараша күні АИВТ орталығының дәрігерлері Астана қаласының халықаралық әуежайында «Дұрыс жолды – адам құқықтары жолын таңда» ұранымен Дүниежүзілік науқан аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпарат таратып, жедел тестілеуден өту акциясын өткізді. Акция барысында 80 жуық адам өзінің АИТВ статусын білу мүмкіндігіне ие болды.
2024 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Big Шанхай» сауда орталығында АИТВ-ға халықты жедел тестілеу акциясын өткізді.
Толығырақ «BIG ШАНХАЙ» сауды ойын-сауық орталығында өткізілген акция
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында «Аспан» спорт кешенінде Дене шынықтыру және спорт басқармасын, Астана қаласының Білім басқармасын, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясын, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығын және «Жизнь вопреки» ҚҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «БІЗ АИТВ-НЫҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫМЫЗ» тақырыбында спорттық жарыстар өтті. 9-11 сынып оқушылары мен қала колледждерінің студенттері ұлттық спорт пен волейболдың бірнеше түрінен бақ сынасты.
Толығырақ«Аспан» спорт кешенінде колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында жарыс өтті
1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында «Сауран» сауда ойын-сауық орталығында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен және «Human Health Institute» ҚБ-мен бірлесіп Астана тұрғындары мен қонақтары үшін акция өткізді. Іс-шара барысында қала тұрғындарына осы акцияның мақсаты түсіндірілді, АИТВ-инфекциясы және алдын алу шаралары туралы айтып, қауіпті жағдайларсыз салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.