Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-ке күрес кампаниясы аясында халықтың назарын АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне аудару мақсатында ұйымдастырылды. Мамандар орталыққа келушілерге АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, ақпараттық брошюралар таратты. Іс-шара барысында ниет білдірген әрбір адам өзінің АИТВ-статусын білу үшін жедел тестілеуден өту мүмкіндігіне ие болды.