Елорда мектептерінде Астана қаласы Полиция департаментімен бірлесіп репродуктивті денсаулықты сақтау тақырыбында дәрістер өтті
2025 жылғы 13-14 мамыр күндері Репродуктивті денсаулық апталығы аясында А.Бөкейхан атындағы №76 мектепте және №26 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына алдын алу дәрістер өткізілді. Іс-шара Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылды.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау - бұл болашаққа деген қамқорлық
Репродуктивті денсаулықты қорғау және АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс мәселелерін ілгерілету шеңберінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «Рауан» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп № 11 мектеп - лицейінде оқушыларға дәріс өткізді.
Подробнее: Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау - бұл болашаққа деген қамқорлық
Аутрич қызметкерлерімен кездесу
Профилактика жөніндегі бағдарламаларды іске асыру және халықтың негізгі топтарының (ХНТ) медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету шеңберінде профилактика бөлімінің меңгерушісі Ұ. Р. Сәулебаевтың және профилактика бөлімінің өкілдерінің қатысуымен аутрич-қызметкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.
ҚазТБУ колледжінің студентеріне репродуктивті денсаулық туралы айтылды
Астана қаласында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің колледжінде Репродуктивті денсаулық апталығы мен Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған еске алу күніне арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара «Жас қала» Жастар денсаулық орталығының ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.
ТолығырақҚазТБУ колледжінің студентеріне репродуктивті денсаулық туралы айтылды
Жастарға арналған семинар
Репродуктивтік денсаулық апталығы және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу халықаралық күні шеңберінде жастардың АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ туралы білім деңгейінің хабардар болуын арттыру мақсатында Жоғары медициналық колледжде АИТВ-ға жедел тестілеумен «Жас толқын» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, семинар-тренинг өткізілді.