30.03.152015 жылдың 27 наурызында Гумилев Л.Н. атындағы Евразиялық Ұлттық Университетінің конференц-залында «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, қазіргі жастардың адамгершілік және отбасылық құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. ЖИТС орталығының маманы қаладағы АИТВ-жұқпасы  бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Білім беру басқармасы, «Арман қала», «Дауа» ЖДО, Қызыл Ай қоғамы, ДО және  ЖЖЖА, «Әйелдердің достастығы орталығының» ҚҰ өкілдері танымдық презентацияларымен және баяндамаларымен сөз сойледі. ЕҰУ-нің студентері дөңгелек үстелдің негізгі қатысушылары болды. Тыңдаушылар белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. Іс-шараға 30 адам қатысты, барлық қатысушыларға ақпарат білім құралдары таратылды.

 

 

30.03.152