Ағымдағы жылдың 30 мамырында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Драма театрында «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылым көрсетілімі өтті.
Қойылымның үзінділерінің көрсетілімінен кейін ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің эпидемиолог дәрігері Бексултанова Д.Т. көрермендерге Астана қаласындағы АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Қойылымға 220 адам (лицей және мектептің 9 - 11 сынып оқушылары, Қ. Мұнайтпасов атындағы колледж, ҚазАТУ және политехникалық колледждің 1-2 курс студенттері) қатысты. АИТВ жұқпасы, нашақорлық, маскүнемдік мәселесін, театрлық қойылым арқылы қоғамның, әсіресе жастардың назарын аудару үшін өткізілді. Барлық қатысушыларға АИТВ жұқпасын алдын алуға арналған ақпараттық-оқу құралдары таратылды.