2015 жылдың 31 шілдеде ЖИТС орталығының мамандарымен «Аймақ Тау 1 және Аймақ Тау 2» сауда үйінің әкімшілігі,бутик сатушыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары, Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына семинарлар өткізді.
Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. АИТВ/ЖИТС туралы білімдерді тасымалдайтын кітапшалар және үнпарақтар, сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Семинарларға 82 адам қатысты.