01

2015 жылы 27 тамызда «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ДС ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығын, «Денсаулық сақтау ұйымдарының эпидемиологтары үшін АИТВ-жұқпасы сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» Республикалық ЖИТС орталығының 2015 жылдың 22 шілдедегі №39 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 2015 жылдың 25 тамыздағы №887-ө бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін, Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Департаментінің қатысуымен ЖИТС орталығында медициналық ұйымдардың аурухана эпидемиологтарына семинар өткізілді. 

Қатысушылар жаңа нормативті-құқықтық актілермен танысып, әдістемелік ұсыныстар орындалуын қамтамасыз етуін болашақ іс-шараны талқылап, атап айтқанда, эпидемиологиялық және клиникалық айғақтар бойынша реципиенттер арасында белсенді түрде АИТВ-ны анықтау, кеңес беру, өзара іс-әрекет ету. Сонымен қатар, жеке клиникалардың, республикалық және ведомстволық медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне семинарлар өткізіледі. Семинар жұмысына 24 адам қатысып, қатысушыларға жаңа НҚА жазылған дискілер, медицина қызметкерлерге, сондай-ақ тұрғындарға арналған ақпараттық-оқу құралдары таратылды.