ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қатерлі дерттен сақтау жолдары туралы толыққанды ақпарат беру мақсатында, 2015 жылы қыркүйектің 1 мен 10 аралығында акция өткізуде.
Акция кезінде орталық мамандары қаладағы барлық жоғары оқу орындарындағы студенттер арасында дәріс өткізіп, ақпараттық-оқу құралдары мен жадынама таратуда . Осындай ауқымды шараның бірі, орталықта ашық есік күні ұйымдастырылды. 4 қыркүйекке жоспарланған іс-шараға студентері өз еріктерімен қатысып, орталыққа келіп, маман дәрісін тыңдап, мекеме қызметімен еркін танысып, соңына қарай экспресс тест әдісімен тестілеуден өтті. Кейінгі жылдары қатерлі дертке шалдығушылардың 85%-ын 20 бен 39 жас аралығындағы жастар құрап отыр. Сол себепті де мамандарымыз қазіргі жастар денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, жастарымыздың болашағы үшін денсаулықтарына ұқыпты болуды ескертеді. Іс-шараның мақсаты жастар арасында АИТВ/ЖИТС бойынша отбасын жоспарлау, репродуктивтік денсаулық, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды алдын-алу. Және АИТВ жұқтырғандарға қолдау көрсету мақсатында болып отыр. Шараға қатысқан жастар арасында пікір таластар жүріп, студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алып қайтты.