АИТВ-індетін алдын алу мәселесі бойынша елорда халқының ақпараттануын жоғарлату мақсатында қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы тұрғындар үшін қаланың барлық емханаларында акция өткізді.
09.09.2015 жылы ЖИТС орталығының мамандары №10 емханамен, «Келешекке қадам басу» қоғамдық қорымен бірігіп, Астана қаласының № 10 емханасы қызмет көрсететін пациенттер үшін акция ұйымдастырды. Мамандар АИТВ-індетінен қорғау бойынша сауалнама алып, дәрістер, әңгімелесулер өткізіп, кеңестер беріп өзін және жақындарын қалай қорғау керектігі туралы толық ақпарат ұсынды. 18-45 жас аралығындағы тұрғындар өз еркімен шұғыл-тестілеу жолымен АИТВ-індетіне тестілеуден өтті. Тестілеуге 156 қатысты. Жалпы, жүргізілген акция аясында барлық емханаларда 2000 астам тұрғындар келіп, 500-ден астам адам тестілеуден өтті.
Жыл басынан бастап АИТВ індетін жұқтырғандардың 73% жыныстық жолмен берілген, ол жастар арасында қырағылықтың жоқтығын, ал тұрғындар арасындағы тәуекелдік әрекеттің бар екендігін көрсетеді. АИТВ тек қана үш жолмен берілетіндігін айта кету керек. Олар: қан арқылы (инъекционды есірткілерді қолдану кезінде), қорғалмаған жыныстық қатынас, анадан балаға (жүктілік кезінде, босануда және ана сүті арқылы). Дер кезіндегі алдын алулар денсаулықты сақтауға көмектеседі. Осыған байланысты ЖИТС орталығының дәрігерлері тұрғындар арасындағы, оқушылар мен жастар арасындағы алдын алу жұмыстарын жандандырды. Орталық мамандары
АИТВ-ға тұрақты түрде тексеріліп тұру – алдын алу шаралырының бірі екендігін айтады, сондықтан да дер кезінде және тұрақты түрде талдаудан өтіп түру қажет дейді. АИТВ тексерілу ерікті және тегін. Қызмет кез-келген тұрғынға қол жетімді, емханада немесе ЖИТС орталығында жүргізіледі.