23.09.2015ж. Астана қаласының ЖИТС орталығында «Қан донорлары арасында АИТВ-ныңалдыналу сұрақтары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Астана қ. №1 қалалық емхана, ҚР ДС ӘД Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, ЖИТС орталығының мамандары қатысып, ҚР ДС ӘД ТҒӨО мен ЖИТС орталығының мамандары баяндамамен сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында АИТВ жұқпасының сұрақтары бойынша мамандандырылған қызмет көрсету ықпалдастығы мәселелері көтерілді. ҚР ДСӘДМ жаңа нормативтікқұқықтық актілерге сәйкес донорлық материалдың қауіпсіздігі мен өзара әрекеттесу тәртібін қамтамасыз етуіне ерекше назар аударылды.