2015 жылы 7-21 қазан аралығында ЖИТС орталығының мамандары «Орбита» СО, «Анвар» ЖШС және «Астықжан» ЖШС ұйымдарының қызметкерлері мен жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына дәрістер оқыды.
Сауда орталық пен супермаркет жұмысшыларына АИТВ жұқпасының берілу жолдары туралы қызықты деректер ұсынды. Тыңдаушыларға ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар) таратылды. Дәріске 107 адам қатысты.