2015 жылдың 10 қарашасынан бастап Астана қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны «Мақсатты бағытталу: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90%-ы өздерінің АИТВ статусын біледі; АИТВ-инфекциясы диагнозы бар адамдардың 90%-ы АРТ қабылдайтын болады; АРТ қабылдайтын 90% адамда вирус төмендейді» атты ұранмен басталды.

ЖИТС орталығының мамандары осы ұранмен «Қазақтелеком» АҚ, «№1Автобус паркі» ЖШС, «№4 Автобус паркі» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС өндіріс кәсіпорындардың ұжымдарына және «Гүлжан» СО, «Колос» СО бизнес құрылымдарының жұмысшыларына «АИТВ/ЖИТС дегеніміз не? АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен оның профилактикасы. Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыптарына дәрістер өткізді. Тыңдаушылар қызықты сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
Дәрістің соңында барлығына ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар, постерлер), қалаушыларға жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Дәріске қатысқандар саны – 208 адам.