2015 жылғы 16 қарашада ЖИТС орталығының мамандары «Астана Су Арнасы» МКҚК ұйымының жұмысшыларына дәріс оқыды. Мамандар АИТВ инфекциясының берілу және алдын алу жолдары, Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы жайлы мағлұмат берді.
2015 жылғы 16 қарашада ЖИТС орталығының мамандары «Астана Су Арнасы» МКҚК ұйымының жұмысшыларына дәріс оқыды. Мамандар АИТВ инфекциясының берілу және алдын алу жолдары, Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы жайлы мағлұмат берді. Ағымдағы іс шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне ұштастырылған. Тыңдаушыларға ақпараттық-оқу материалдары мен жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Семинарға 48 адам қатысты.